- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2008 жылдан бастап 1 мыңнан астам локомотив жаңғыртылды
Қазақстанда 2008 жылдан бастап 1 мыңнан астам локомотив жаңғыртылды
А. Мамин сала еңбеккерлерін Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, «Ұлт КөшбасшысыН. Назарбаевтың басшылығымен қысқа мерзімде мемлекет құрып, экономикалық тұрғыдан дамып, қоғамда келісім мен бейбітшілікке қол жеткізгенімізді» атап өтті.
А. Мамин Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатындағы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ына зр сенім артылып отырғандығын тоқталды. Ұлттық компанияға транзиттік әлеуетті көтеріп, инфрақұрылымды кешенді дамытып, ғаламдық нарықтағы серктестік аясын кеңейту тапсырылған» болатын.
Жиналғандар алдында Компания басшысы Қанат Алпысбаев баяндама жасады. Ол баяндамасында Мемлекет басшысының ел Тәуелсіздігінің 25 жылында саяси, экономикалық, әлеуметтік салада жеткен табыстарындағы ролін ерекше атап өтті.
Президент Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ақ Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамытуға, оның ғаламдық көлік желісіне қосылуына зор көңіл бөлді.
«Аймақтардағы ішкі қатынастарды қамтамасыз етіп, еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін өсіру мақсатында жаңадан 2500 шақырым жол салынды»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.
2008-2016 жылдары 2,9 триллион теңгенің активі жаңғыртылды. Мың локомотив, 37,5 мың жүк вагоны, 1500 жолаушылар вагондары жаңғыртылып, 4700 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді.
Мемлекеттік индустрия және импорталмастыру саясаты аясында әлемдік жетекші компаниялармен бірлесіп отандық өндіріс орындары құрылды. Бүгінде соңғы үлгідегі локомотив, вагондар, рельстер, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар өндіріледі.
Жүрдек жолаушылар тасымалдау Бағдарламасы жүзеге асырылып, Қазақстанның бірлық ірі қалалары жүрдек жолаушылар бағдарларымен байланыстырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік-логистикалық кешенді дамыту, транзиттік әлеуетті және ғаламдық инфрақұрылымдық ықпалдасуға қызмет етуде.
Қазіргі таңда Компания темір жолмен қатар теңіз тасымалы, көлік-логистикалық орталықтардың қызметін үйлестіріп, теңіз порты, әуежай мен автокөлік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып отыр.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырылуда.Осы бағдарламалар аясында теміржол, автожол, теңіз және логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуда.«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымы мен «Құрғақ порттың» құрылысы аяқталды. Құрық порты мен Алматы-Шу екінші темір жол желісінің алғашқы өткізу кешені пайдалануға берілді.
Көлік-логистикалық орталықтардың ішкі және сыртқы желілерінде еуразиялық құрлықтық жүк ағындарын шоғырландырудың тораптары жасақталуда.ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесі аясында Компания әуежайда жаңа халықаралық жолаушылар терминалын және Астана қаласында соңғы үлгідегі темір жол вокзалын пайдалануға беретін болады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің стратегиялық дамуында Қазақстан аумағы арқылы өтетін көлік дәліздері арқылы ішкі және сыртқы көлік-логистикалық қызметін көрсетуді табысты атқарып келеді»,-дейді Компания басшысы.
2016 жылы Азия Еуропа бағдарындағы контейнерлік жүк тасымалы 2011 жылмен салыстырғанда 100 есеге артты. Компания Транскаспий бағдарымен теңіз тасымалын дамыту мақсатында қазақстандық флотты құрды.
Қ. Алпысбаевтың айтуынша, «жаңа жүк ағындарын тарту 2013 жылы басталған жүк айналымының төмендеу үдерісін тоқтатуға ықпал етті».
«Ғаламдық көлік-логистикалық нарықта алға жылжу «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның аса күшті бәсекелестікке бейімділігі мен қызметінің сапалығы мен тиімділігіне байланысты»,-деп атап өтті Компания басшысы.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады