- Басты
- Жаңалықтар
- Екібастұзда 255 балаға арналған балабқша ашылды
Екібастұзда 255 балаға арналған балабқша ашылды
Бала бақша ғимараты 1993 жылдан бері бос тұрды. Павлодар облысының әкімдігі мен Еуразия тобы компанияларының арасындағы меморандум бойынша бала бақшаны абаттандыруға 288 миллион теңге бөлінді. Бала бақшаның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы ERG компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағытын ұстанатынын атап өтіп, оларға алғысын айтты.
«Екібастұз қаласында білім беру саласын дамыту үшін көптеген жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.Білім беру саласының қызметкерлері күн сайын жағымды жаңалықтармен қуантып отыр. Олардың бәріне шын жүректен алғысымды айтамын», - деді әкім.
«Балапан» бала бақшасында 66 жаңа жұмыс орны құрылды. Мемлекеттік мекеме балалардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған және оларды сауықтыруға қажетті құралдармен жабдықталған. Мұнда музыкалық зал, медициналық блок, логопед пен психологтың кабинеттері, қазақ тілі мен ағылшын тілі кабинеттері бар. Бала бақшаның аумағы абаттандырылып, ойын алаңдары құрылды.
Бала бақша үшін баршаңызға алғысымды айтамын. Біздің балаларымыз жылы әрі жарық ғимаратта жақсы оқиды деп ойлаймын», - деді ата-аналардың атынан сөз алған Исенова Бибігүл.
Павлодар облысының білім беру басқармасының ақпараты бойынша қазіргі таңда 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылса, 2-6 жас аралығындағы балаларды оқыту және тәрбиемен қамту – 89,4%-ы құрайды. Тәуелсіздік жылдарында өңіріміз бойынша 83 бала бақша салынып, қалпына келтірілді, 261 шағын орталық ашылды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды