- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 2016 жылғы 9 ай ішінде 237 млн долларды құрады (ФОТО)
Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 2016 жылғы 9 ай ішінде 237 млн долларды құрады (ФОТО)
Астанада Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхудің Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің ресми тұлғалары мен іскерлік топтарының қатысуымен Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтуде.
Қазақстанда 2016 жылғы 1 қарашада израильдік капиталдың қатысуымен 254 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 112 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 2005 жылдан 2016 жылғы бірінші жартыжылдық аралығындағы кезеңде Израильден ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 214 млн АҚШ долларын құрады.
«Қазақстан мен Израильдің 2015 жыл ішіндегі тауар айналымының көлемі 306 млн долларды құрады. Қазақстандық экспорт үлесі - 219 млн АҚШ долларын, импорт 86,9 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың негізгі баптары минералды отын, мұнай, тұз және күкірт, ұшу аппараттары, қымбат бағалы емес металдар, дәнді-дақылдар болып табылады. 2016 жылғы 9 ай ішіндегі тауар айналымы көлемі 237 млн АҚШ долларын құрады», - деп ақпараттандырды Б. Жангуразов.
Импорттың негізгі баптары электр машиналары және жабдық, ядролық реакторлар, қазандықтар мен механикалық құрылғылар, оптикалық құралдар мен аппараттар, көкөністер мен тыңайтқыштарды өңдеу өнімдері болып табылатыны атап өтілді.
Б. Жангуразовтың айтуы бойынша, қазақстандық және израильдік кәсіпкерлер экономиканың инновациялар және агроөнеркәсіп кешені сияқты секторларында сәтті ынтымақтастық жасауда.
Соңғы уақытта Қазақстанда израильдік әріптестермен бірлесіп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында 86,5 млн АҚШ доллары сомасына 7 жаңа жоба іске асырылған.
Қазіргі уақытта «Архимедес Қазақстан» медициналық сақтандыру желісін және медициналық орталықтар желісін құру жобасы іске асырылуда.
Ботагөз Айтжанова
Сурет Шыңғыс Қаппаров
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді