- Басты
- Жаңалықтар
- Өскемен қаласының ауруханасында әлемдік деңгейдегі урологиялық жабдық орнатылды
Өскемен қаласының ауруханасында әлемдік деңгейдегі урологиялық жабдық орнатылды
14 Желтоқсан, 2016 20:51
Өскемен қаласының ауруханасында ішкі органдарға шағын саңылаулар арқылы ота жасауға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі урологиялық жабдық орнатылды, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Өскемен қаласы қалалық ауруханасының урология бөлімшесінде жабдық жаңартылды. Жаңа жабдық урологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге көмек көрсетудің ауқымы мен тиімділігін кеңейтеді. Сондай-ақ ішкі органдарға шағын саңылаулар арқылы ота жасауға мүмкіндік береді.
Олардың арасында өмірді шұғыл сақтап қалу, әр түрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін қажетті аппараттар да бар.
Осы технология Қазақстан Республикасында алғаш рет пайдаланылады. «Казцинк» ЖШС оны алуға «Парыз» қоры арқылы 250 млн теңге бөлген.
Алынған жабдық қазір жұмыс істей бастағанын атап өту қажет. Оның көмегімен аз жарақаттайтын, эндоскопиялық ота жасауға болады, науқастар жылдам жазылады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Коронавирусқа қарсы вакцина әлемдік стандарттарға сай - сарапшы -
2020 жыл қорытындысы: халықты ауыз сумен жабдықтау көрсеткіштері -
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту -
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе