- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресейдің ұлттық-мәдени бірлестіктері өзара байланыс орнатуда
Қазақстан мен Ресейдің ұлттық-мәдени бірлестіктері өзара байланыс орнатуда
СІМ-де хабарлағандай, ҚР-дың РФ-тағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев өз сөзінде 2016 жылы Ресейдегі қазақтардың қоғамдық ұйымдары мен Елшіліктің бірлесіп іске асырылған жобалар туралы айтты. Олардың арасында "Естелік вахтасы" атты әскери-патриоттық жоба, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған Джамбулиада, Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығы, Тұңғыш адамның ғарышқа ұшуының 55-жылдығына арналған балалар суретінің байқауы, Қазақша күрестен жарыс, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы және қазақ тілінен олимпиада.
Сондай-ақ, Елшілік келесі жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған "Болашақ энергиясы" атты балалар суретінің байқауын өткізіп және үздік жұмыстары ЭКСПО көрмесінде қойылатыны, ал жеңімпаздар көрмені өздері тамашалай алатыны туралы дипломат мәлімдеді. Сонымен қатар, ММЛУ негізінде Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған қазақ тілі олимпиада мен арнайы шаралар ұйымдастырылуы жоспарлануда.
Өз кезегінде, қонақтар Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандастарға өзгеріссіз назар бөлетіні үшін Елшілікке алғысын білдірді, және диаспорамен қарым-қатынас бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, олар, отандастарымыздың арасында қазақша күреспен тоғыз құмалақ бойынша жарыстарды және жалпыресейлік "Алтын Kүз" ән фестивалін өткізу бастамалары айтылды. Бұдан басқа, диаспора өкілдері қазақ тілі пәні бойынша оқулықтарды ресейлік стандарттарға бейімдеуге Елшіліктің жәрдемдесуін өтінді және де қазақ тілін онлайн-оқуына жаңа ұсыныстарды енгізді.
Кездесуге белгілі сазгер және продюсер Байғали Серкебаевтің қосылғаны жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ол қонақтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, өзінің шығармашылық жобалары мен жоспарлары туралы айтып берді. Сазгерді қазақтардың көпшілігі тұратын аймақтарда концерттер өткізуге диаспора өкілдері шақырды.
Кездесу соңы Б.Серкебаев продюсері болған The Jigits поп-тобымен, сондай-ақ белгілі ресейлік әртістер Левон Оганезов және Андрей Анкудиновтың қысқа концертімен аяқталды.
Қазіргі уақытта 32 ресей өңірлерінде 50-ден астам түрлі қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктері жұмыс істеуде, олардың басты міндеттері туған тілді, мәдениетті және салт-дәстүрін сақтауменен дамыту болып табылады. ҚР-дың РФ-тағы Елшілігі, Бас консулдықтар, Консулдықтар және отандастардың қоғамдық ұйымдар арасында конструктивті диалог орнатылып, мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен іс-шаралар жүргізіледі.
Отандастарымен өзара байланысын жетілдіру мақсатында дипломатиялық өкілдіктер жыл сайынғы тұрғыда кездесулерді ұйымдастыруда, ал күнделікті мәселелерді жедел шешу және бірлескен жобаларды талқылау мақсатында Ресейдегі қазақтардың ұлттық-мәдени ұйымдар басшыларының қатысуымен ай сайын онлайн-конференция жүргізіледі.
Кездесуге Мәскеу, Санкт-Петербург, Татарстан, Башқұртстан, Астрахан, Омбы, Свердлов, Волгоград, Орынбор, Саратов, Самара, Ярославск, Ивановск, Түмен, Вологда, Калининград, Челябі, Қорған облыстары, Алтай және Краснодар аймақтарының қазақ диаспора өкілдері қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары