ШҚО-да вагон-баспаналар шығарыла бастады

11 Желтоқсан, 2013 09:45
Шығыс Қазақстан облысында күн сәулесінен қуат алатын вагон-баспаналар шығарыла бастады, деп хабарлайды BNews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарханов вагон-баспаналар екі бөлмеден тұратынын және оларда газ бен жылу пештері де орнатылғанын айтты. Әрі мұндай үйлер 30 градус аяз бен 40 градус ыстыққа төзімді етіп жасалған. 

Кәсіпорын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында іске қосылып отыр. Қазір мұндай баспаналарға сұраныс артып келеді. Көшіп-қонуға ыңғайлы вагондар мал шаруашылығымен айналысатындар үшін аса қолайлы. 

Вагон баспананың құны 1 млн. 900 мың теңгеден 3 млн. теңге аралығында.

«Алғашқы вагон-баспаналар Бесқарағай және Қатон-Қарағай аудандарына жөнелтілді», - деді аудан әкімі Ә. Мұхтарханов.

 

 

 

Барлық жаңалықтар