- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін жаңа Орталық ашылды
Алматыда ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін жаңа Орталық ашылды
Алатау ауданындағы Оқушылар үйінің ғимаратында ашылған бұл Орталық қалалық Білім басқармасы мен «Болашақ» қайырымдылық қорының бірігіп жұмыс істеуі арқасында жүзеге асты.
Бүгінгі таңда мегаполисте ерекше қамқорлықты қажет ететін 7 мыңнан астам бала тұрады. Соңғы 9 ай ішінде 877 бала психолог иялық -педагоги калық коррекци я көмегін алды. Осындай кабинеттерде 5 588 балаға тиісті кеңес берілді.
Жаңа Орталықта жылына 180 бала оңалудан өтеді. Әр баламен және түрлі топтармен арнайы мамандар тікелей жұмыс істейді. Көзінде, құлағында, қимылында, сөйлеуінде, дамуында мүкіс бар балдырғандардың ерекше қамқорлыққа зәру екендігі анық. Осы ретте мұндай Орталықтардағы арнайы мамандар баланың дұрыс өсіп- жетілуіне кәсіби көмек көрсетуде.
«Болашақ» қайырымдылық қорының басшысы Динара Шайжүнісова өзінің сөзінде болашақшылардың «Әр бала мектепке баруға лайық» жобасы аясында 2016 жылы дүниеге келген екінші психологиялық -педагогикалық коррекция кабинеті екендігін, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мұнда барлық жағдайдың жасалғандығын айтты.
«Коррекция кабинеттерінің жұмысы арнайы мектепке дейінгі балалар мекемелеріне бармайтын, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өте тиімді және балдырғандардың дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған», - деп атап өтті Д.Шайжүнісова.
Орталық оңалтуға қажетті заманауи қондырғылармен толық жабдықталған, емдеу физкультурасының, Монтессоридің кабинеттері, музыка ырғағы залы, сенсорлы бөлме, ойын аймағы,логопед, дефектолог, психолог, әдістемеші кабинеттері жұмыс істейді. Мұнда кедергісіз орта да бар, дәліздер кең, ал ақпараттық тақталар Брайл шрифтімен толтырылған.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады