- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 25 жыл ішінде 55 мың пәтер салынған
Ақтөбе облысында 25 жыл ішінде 55 мың пәтер салынған
Соңғы 25 жыл ішінде өнеркәсіп көлемі- 1600 есе, тартылған инвестиция – 2400 есе, жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 40 есе, ЖӨӨ- 1350 есеге артқан. 1991 жылдан бері қарай тек мемлекеттік бюджет есебінен өңірде жалпы аумағы 6,1 млн. шаршы метр болатын 55 мың пәтер, 113 мектеп, 487 мектепке дейінгі ұйым, 700 спорт ғимараттары, 122 денсаулық сақтау нысандары, 1000 шақырымнан астам автокөлік жолдары салынып, барлық аудан орталықтары газдандырылды.
Туу көрсеткішінің 67,7%, халық санының 15%, өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өсуі – тәуелсіздік жылдары ішінде халық жағдайының жақсарғандығының дәлелі.
25 жыл ішінде аяғымызға нық тұрып, өмірлік тәжірибе жинақтадық. Мұның барлығы ел Президентінің көрегендігінің, оған деген халықтың үлкен сенімі мен қолдауының арқасында мүмкін болғандығын барлығымыз жақсы білеміз.
Әкімдік хабарлағандай, Ақтөбе облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ауқымды мерекелеу 2016 жылдың қаңтар айында басталған болатын. Күн сайын өңірде айтулы мерекеге арналған ондаған шара өткізіледі. Олардың әрқайсысы "Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сай, әлеуметтік- экономикалық дамудың барлық саласын қамтыды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі