- Басты
- Жаңалықтар
- 25 жыл ішінде біз бәсекеге қабілетті елді құрдық – Б.Сапарбаев
25 жыл ішінде біз бәсекеге қабілетті елді құрдық – Б.Сапарбаев
Ақтөбеде 25 мың адамның қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара өтуде. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, кәсіпкерлер, жастар және т.б. бар.
«Бәріңізді қазақстандықтар үшін ең маңызды болып табылатын ұлттық мерекемен құттықтаймын. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев басшылығымен бірге 25 жылдың ішінде біз жаңа мемлекет пен қатар сонымен қатар бәсекеге қабілетті елді құрдық. Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрып келеді»,-деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев салатанатты шараға қатысқандарды құттықтап, мемлекет пен аймақтың дамуына айрықша үлес қосқан ақтөбеліктерге марапат тапсырды.
Атап айтқанда, Қазақстан халқының тарихи және мәдени мұрасының, республиканың әлеуметтік-экономикалық, зияткерлік және рухани әлеуетінің дамуына үлес қосқан, көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен, ерлік көрсеткен 90 ақтөбелік мемлекеттік марапатқа ие болды.
«Қазақстан Республикасының 25 жылдығы» мерейтойлық медалі 700 адамға табыс етілді.
Бердібек Сапарбаев облыстың 16 тұрғынына «Құрмет», тағы 3 ақтөбелікке ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін табыстады.
25 жыл ішінде аяғымызға нық тұрып, өмірлік тәжірибе жинақтадық. Мұның барлығы ел Президентінің көрегендігінің, оған деген халықтың үлкен сенімі мен қолдауының арқасында мүмкін болғандығын барлығымыз жақсы білеміз.
Ендігі біздің алдымызда тұрған ортақ мақсат – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін бізде қажетті барлық алғышарттар бар – біз тиімді әлеуметтік-экономикалық жүйе мен тұрақты саяси институттарды құрдық. Тек қана аянбай еңбек етіп, ел мүддесі үшін бірлесе жұмыс жасау қажет, - деді облыс әкімі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті