- Басты
- Жаңалықтар
- Т. Дүйсенова ҚР ДСӘДМ қызметкерлерін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады
Т. Дүйсенова ҚР ДСӘДМ қызметкерлерін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шарада сөз сөйлеген ол Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай табыстарға жеткенін атап айтты.
«25 жыл бұрын еліміз тәуелсіздігін алып, тарихымыздың ұлы мүрасын сақтауға, оны қастерлеу мүмкіндігіне қол жеткізді. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының нәтижесінде біздің мемлекетіміз экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай тер төгу арқылы өзіндік үлгісін қалыптастырған түрақты мемлекетке айналды», – деді Тамара Дүйсенова.
Министр 25 жылда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 жылға ұзарып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 72 жасты құрағанын атап айтты. Халықтың туу көрсеткіші 9,8%-ға ұлғайды. Тәуелсіздік жылдарында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеді.
Қазақстанда 1,3 мыңнан астам денсаулық сақтау нысандары салынды. Республикалық және аймақтық деңгейде медициналық кадрлардың жетіспеушілігі 34%-ға азайды.
Трансплантология мен жоғарғы технологиялы медициналық көмек қарқынды дамуда.жыл сайын бірегей оталар саны ұлғаюда.
Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова әлеуметтік-экономикалық саланы тұрақтандыру шаралары Қазақстандағы жұмыспен қамту саласында айтулы жетістіктерге жетуге және жұмыссыздық деңгейін 1999 жылғы 13,5%-дан 2016 жылы 5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бердгенін айтты.
«Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, шыдамдылық пен ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтар қажетті әлеуметтік-медициналық көмек алып отыр. Халық денсаулығын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасау мен мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудегі сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Мен сіздерді шын жүректен бүгінгі айтулы мерекелеріңізбен құттықтап, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, көңілдеріңізге шаттық тілеймін!» - деп тіледі ол.
Шара барасында ҚР ДСӘДМ мамандары «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен; ҚР Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгілерімен; ҚР ДСӘДМ құрмет грамоталарымен және алғысхаттарымен марапатталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады