- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ Астана үшін «ақылды қалалар» саласында негіз қалаушы 9 стандарт әзірледі
ҚР ИДМ Астана үшін «ақылды қалалар» саласында негіз қалаушы 9 стандарт әзірледі
Тоғыз стандарт қалалық процестерді, соның ішінде қауіпсіздік пен сервистің жоғары деңгейі, энергия үнемдеу, ТКШ, көлік, білім, денсаулық сақтау, экология және ақпараттық технологиялар салаларында инновациялық шешімдер есебінен орталықтан басқарудың жаңа мүмкіндіктеріне бірыңғай талаптар қояды.
Елорда әкімінің айтуынша, стандарттар қалалардың басшыларына өздерінің практикалық іс-қимылдарын ең үздік халықаралық практикамен түзетуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта елордаға «ақылды қалалар» стандарттарын енгізу бойынша көшбасшы қала ретінде еліміздің 5 қаласының - Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Орал қалаларының өкілдері шақырылды.
«Жаһандық ақылды қала» құрудағы жетістік «Smart city» саласындазаманауи әдістемелік стандарттардың болуына байланысты», - деп атап өтті Ә. Исекешев.
«Smart city» стандарттау»семинары аясында техникалық қолдау мақсатында Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал, ҚР ИДМ ТРМК және ISO 268 «Қоғамның тұрақты дамуы» техникалық комитеті арасында «Smart city» саласындағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандумға қол қойылды.
Әкімдікте хабарлағандай, стандарттар 2016 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау Жоспарына сәйкес әзірленіп, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 290-од бұйрығымен бекітілген. Стандарттар «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК кәсіби бизнес-қоғамдастықтың және стандарттау бойынша мамандардың белсене қатысуымен әзірленді.
ҚР СТ BSI PD 81002016 ҚР СТ «Ақылды қалаларға шолу. Нұсқаулық» смарт-қалалардың белгілі бір әрекеттерін қолдану бойынша атқарушы билік басшылары үшін нұсқаулықтар бар. Стандарт стратегиялардың ықтимал артықшылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған және смарт-қаланы құру жолындағы алғашқы қадамдар бойынша ұсыныстар келтіреді. Талаптар смарт-қалалардың табысты тәжірибелеріне негізделген және жеке тиімді стратегияларды әзірлеу мен қолдану үшін пайдаланылатын стандарттар тізімін қамтамасыз етеді.
ҚР СТ BSI PD 81012016 «Ақылды қала. Жоспарлау және даму рөлін бағалау бойынша нұсқаулық» іске асыру барысында интеллектуалды технологиялар мен әдістердің әлеуетінен пайда алуға болатын даму және инфрақұрылым жобаларын жоспарлау және іске асыру бойынша құрал болып табылады. Стандартта ірі инфрақұрылымдық жобаларды дамыту негіздеріне, жөндеу бағдарламаларына талаптар, және оларды енгізудің кезеңдік алгоритмі көрсетілген.
Аталған стандарттарда Smart City тұжырымдамасын жүзеге асыру кезінде орындауды қажет ететін стандарттардың талаптарына сәйкес халықаралық тәжірибе жинақталған. Стандарттардың талаптары қаланы басқару саясатын анықтайтын атқарушы билік басшылары ескеруі тиіс жалпы бағдарларды қалыптастырады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері