ШҚО-да ангиографиялық кабинет ашылды

14 Желтоқсан, 2016 09:54
Шығыс Қазақстанда шұғыл рентгенохирургияға қолжетімділікті арттыратын ангиографиялық кабинет ашылды, деп хабарлады өңірдің Ақпарат орталығы.

«Оның ашылуымен шұғыл рентгенохирургияға қолжетімділік артады, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын адамдарды қарап-тексеру жақсарады. Жылдам әрекет ететін навигация жүйесі ең ұсақ тамырды да көруге мүмкіндік береді. Бүгін ангиография диагностикада да және жүрек артерияларының зақымдануын емдеуде де жақсы танылған», - делінген хабарламада. 

394 млн теңге сомасына заманауи ангиографиялық кешен Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласын жаңғырту және медициналық мекемелерді заманауи жабдықпен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында сатып алынған. 

«Басқа елдерден артта қалмау үшін біз жоғары сапалы технологияларды таңдауымыз қажет. Сондай-ақ, дәрігерлердің біліктілігін де арттырып отыру керек. Ағылшын тілін білетін жастарды іріктеп, оларды 2017 жылы оқуға жіберу қажет», - деп атап өтті өңір басшысы Даниал Ахметов.  

Облыстық аурухананың мамандары атап өткендей, мұндай кешеннің ашылуы облыс тұрғындарының шұғыл рентгенохирургиялық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аппараттың жүрек-қан тамыры ауруларына, бас миы мен жүрекке диагностика жасау саласындағы мүмкіндіктері зор. Жыл сайын ауруханада ангиографтың көмегімен 1000-ға жуық жоғары технологиялық ота жасалып, 2000-нан астам зерттеу жүргізіледі.

Сондай-ақ, Ақпарат орталығында өткен жылы 12 балалар дәрігерін оқытуға облыстық бюджеттен 1 млн доллар бөлінгені туралы ақпарат берілді.

Барлық жаңалықтар