- Басты
- Жаңалықтар
- А.Баталов: Тәуелсіздік жылдары Қазақстан үшін жаңа табыстар мен жаңғыртудың кезеңіне айналды
А.Баталов: Тәуелсіздік жылдары Қазақстан үшін жаңа табыстар мен жаңғыртудың кезеңіне айналды
Олардың арасында ардагерлер, журналистер, еңбек адамдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, медицина мамандары, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер және т.б. бар. Бұл туралы «Жастар» Спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен салтанатты жиында белгілі болды.
Жиында облыс әкімі Амандық Баталов жиналған көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады. Еліміздің, оның ішінде Алматы облысының Тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістіктеріне тоқтала келе:
«Президенттің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартуға, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. «Елу жылда ел жаңа»,- дейді дана халқымыз. Ал, біздің еліміз небары 25 жыл ішінде ғасырға бергісіз жолды жүріп өтті. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруда Жетісу жерінде межелі міндеттерді кезең-кезеңімен шешу үшін нақты жұмыстар атқарылды. Бұл тарапта әрбір жетісулықтың еңбегі, лайықты үлесі бар», - деп атап өтті облыс басшысы.
«Барша жетісулықтарды ұлық мерекеміз –Тәуелсіздік күнімен тағы бір мәрте құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Күллі әлем көз тіккен Ұлы Дала Елінің азаттығы – Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!» – деді өз құттықтауында Амандық Баталов.
Мұнан кейін салтанатты жиын жетісулық азаматтарға мемлекеттік награда тапсырумен жалғасты.
Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының және Парламент Сенатының Құрмет грамоталарымен, жалпы саны 200-ден астам адам марапатталды. Сондай-ақ бірқатар азаматтарға «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Салтанатты жиында Тәуелсіз еліміздің 25 жылдағы қол жеткізген табыстары голографиялық неонды 3 D шоу арқылы және қазақ эстрадасы әншілерінің гала-концерті ұсынылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды