- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік маңызы бар міндеттерді ортақ күш салысып шешуіміз керек - ҚР Премьер-Министрі
Мемлекеттік маңызы бар міндеттерді ортақ күш салысып шешуіміз керек - ҚР Премьер-Министрі
Салтанатты шара барысында Премьер-Министр барлығын алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аталған марапаттау рәсімінің маңыздылығын атап өтті.
«Мен үшін ел Президенті атынан мемлекеттік сыйлықтарды табыстау үлкен мәртебе. Тек қана мемлекеттік орган қызметкерлеріне емес, сонымен қоса танымал шығармашылық зиялылар мен бизнес құрылым өкілдері де бар. Сіздердің еңбектеріңізсіз, барлық қазақстандықтардың күш салысуынсыз біз мемлекет дамуында осындай жетістіктерге қол жеткізбес едік», - деді Бақытжан Сағынтаев.
«Қазақстанның жетістіктерінде әрбір азаматтың қосқан үлесі бар. Сол себепті де Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – біздің көпұлтты еліміздің үлкен ортақ мерекесі. Бұл бейбітшілік пен келісім мейрамы. Бұл жетістіктер мен біздің Елбасымыздың жаңа стратегиялық жоспарларының мерекесі. Осы міндеттерді біз бірлесіп, ортақ күш салысып шешуіміз керек», - деді Премьер-Министр.
Бақытжан Сағынтаев «Парасат» ордендерін ҚР инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр Альберт Рауға, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Әлия Қадырбаеваға, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевке, «Каспийбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимге, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Бердібек Мейірбековке табыстады.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР ішкі істер вице-министрі Берік Бисенқұлов марапатталды.
«Құрмет» орденімен ҚР сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Талғат Сәрсенбаев, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және т.б. марапатталды.
Атақты қазақстандық ақын-композитор Асылбек Әбдірахман «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.
Бірқатар Үкімет мүшелері мен Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен және ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады