- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО өндіріс көлемі тәуелсіздік жылдарында 29 есе өскен
ШҚО өндіріс көлемі тәуелсіздік жылдарында 29 есе өскен
Салтанатты жиын барысында 25 жыл ішінде Қазақстанның экономика, ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, сыртқы саясат салаларындағы жетістіктері атап өтілді.
Өңір басшысы Даниал Ахметов Тәуелсіздік күніне арналған өзінің құттықтау сөзінде Шығыс Қазақстанның 25 жыл ішіндегі жетістіктеріне тоқталды.
«Біз осы жалпы халықтық мейрамды өз еліміз үшін, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп жатқан реформалардың арқасында Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері үшін ерекше мақтанышпен атап өтудеміз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын Шығыс Қазақстан облысы да өмірдің барлық салаларындағы едәуір жетістіктермен қарсы алады. Осының барлығы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға қатысқан барлық шығысқазақстандықтардың күнделікті еңбегінің нәтижесі », - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Жалпы өңірлік өнім көлемі жан басына шаққанда 24 мың теңгеден 1 млн 656 мың теңгеге дейін, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 29 есе және ауыл шаруашылығы 36 есе өскенін атап өту қажет.
Бұдан бөлек, әкімнің айтуы бойынша, өңірдің дамуына 2 трлн 600 млрд теңге инвестиция тартылған. Экономика үшін маңызды жобалар: Ақтоғайда әлемдегі ең ірі тау-кен байыту комбинаттарының бірі және Өскемендегі көлік зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр.
«Әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымы кеңейді: 165 жаңа мектеп және балабақша, 100-ден астам денсаулық сақтау мекемесі, 300 спорт құрылысы және 40-тан астам мәдени құрылыс салынды. 5,6 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуымен әрбір оныншы отбасы өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Осы аталғанның барлығы - қол жеткізілген жетістіктердің аз ғана бөлігі », - деп атап өтті ол.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі