- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға жария түрде қол қойды
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға жария түрде қол қойды
Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекеттің ізгі ниетінің көрінісі болып саналатынын айтты.
«Отандастарымызға қатысты жасалған осынау кешірім мен мейірім және үміт актісі қоғамды сауықтыруға мүмкіндік береді. Рақымшылық жасау шарасы әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарды, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды, жүкті және балалары бар әйелдерді, мүгедектер мен қарттарды қамтиды», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы елімізде Тәуелсіздік жылдарында 8 рет рақымшылық жасалғанын айтты.
«Рақымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңындағы маңызды адамгершілік акциясы», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев түзеу мекемелерінен 1500 адам босатылып, соның
80%-ы пробация қызметінің бақылауында болатынын атап өтті.
«Бұлардың бәрі – өз азаматтарымыз. Олардың түзу жолға түсіп, қоғамнан орнын табуына мүмкіндік беру керек. Бәріміз оларға көмек көрсетуіміз қажет. Кешірім жасалғандар енді заңсыздыққа жол бермейді деп үміттенемін», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында республикамызда заңнаманы ізгілендіру жолында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары