- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚДБ 4,6 млрд теңге сомасына Талдықорғанды газдандыру жобасын қаржыландырады
ЕҚДБ 4,6 млрд теңге сомасына Талдықорғанды газдандыру жобасын қаржыландырады
ЕҚДБ Ресей және Орта Азия бойынша инфрақұрылым департаментінің жетекші банкирі Аббас Офариновтың айтуынша, жоба бойынша техникалық-экономикалық зерттеу үшін ашық тендер негізінде және бірлесіп жұмыс істеу үшін «Ramboll» компаниясы таңдалып алынған. Кездесуде А. Офаринов «Ramboll» компаниясының жобалық менеджері Фредерика Питзнер мен бас инженері Луджер Бринкманды таныстырды.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Б. Тәнекеновтің айтуынша, қазіргі кезде ЕҚДБ мен «Ramboll» өкілдерімен жұмыс жүргізу техникалық-экономикалық зерттеу кезеңі болып табылады. Оң қорытындысын алғаннан кейін Талдықорған қаласында газ тарату желісі құрылысы жобасының IV кезеңі қаржыландырылатын болады. Несиелеу сомасы 4,6 млрд теңгені құрайды.
«ЖетісуОблГаз» ЖШС директоры В.Тохтасунов биылғы жылы облыстың газ тасымалдау жүйесін дамытуға жергілікті бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлінгенін, оның 2,3 млрд. теңгесі Талдықорғанды газбен қамтудың қалаішілік жүйелерінің құрылысына қарастырылғанын айтты. Келесі жылға Талдықорғанды газбен қамтудың I кезегінің құрылысын аяқтауға тағы 2,4 млрд теңге бөлінді. Сөйтіп 2017 жылы I кезек аяқталған соң облыс орталығының тұрғындары көгілдір отынмен қамтылатын болады.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов облыс орталығын газдандыру өте маңызды әрі ауқымды жұмыс екенін, сондықтан бұл істің ұсақ-түйегіне дейін тыңғылықты қарап, экологиялық мәселелерді де ескеру қажеттігін атап өтті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі