Ақмола облысында 2017 жылы жолдардың жөнделуіне 6,7 млрд теңге бөлінеді

13 Желтоқсан, 2016 18:57
Ақмола облысы жолдарының жағдайын жақсарту үшін 2017 жылы 6,7 млрд теңге бөлінеді, ол өткен жылғыдан 86 пайызға көп, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыстық бюджет жобасында  16 мәдениет нысанына  күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге арналған қаражат есептелген. Жолдардың жағдайын жақсарту үшін 6,7 млрд теңге бөлінді,  ол өткен жылғымен салыстырғанда 86 пайызға жоғары.

Ауыл шаруашылығын дамытуға  15 млрд теңге бөлінді. Көкшетау қаласының абаттандырылуына аса көңіл бөлінді.  Сондай-ақ, Астана қаласына жақын жергілікті пункттердің  әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Оған қоса, 2017 жылы әлеуметтік қорғау саласының  шығыны  2,8 млрд теңгені құрайды. Бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жұмыс орындарының ашылуына бағытталады. 

Барлық жаңалықтар