• Басты
  • Қазақстанда 6 жыл ішінде мемлекеттің қолдауымен 530 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Қазақстанда 6 жыл ішінде мемлекеттің қолдауымен 530 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

13 Желтоқсан, 2016 18:14
Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездескен Светлана Жақыпова Қазақстанның экономикалық жағдайы ширақ дамып, сәттілікке бастайтын жолы мен тәжірибесі бірегей, тұрақты мемлекет ретінде қалыптасқан мемлекет екенін атап айтты.

«Мемлекет басшысының сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстанда тәуелсіздік алған 25 жылда экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларда бірқатар ауқымды өзгерістер орын алды. Мемлекеттік негізгі саяси бағыттарының бірі – қазақстандықтардың әл-ауқаты, сапалы өмірдің жүйелі және мақсатты жолын құру болып қала бермек», - деді ол.

ДСӘДМ хабарлағандай, әлеуметтік-экономикалық саладағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Егер 1999 жылы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші 13,5% болса, 2016 жылы 5%-ды құрады. 2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оның нәтижесінде жұмыспен қамту шараларымен 710 мың адам қамтылып, тұрақты жұмысқа 530 мың қазақстандық қабылданды.

Светлана Жақыпова Қазақстанда зейнетақымен қамтудың үш деңгейлі жүйесі жұмыс істейтінін еске салды. Халықаралық стандарттарға сай зейнетақының шығындалған еңбекақыға шаққандағы 40%-ын сақтауға, жұмыс беруші, қызметкер және мемлекет арасындағы жауапкершілікті тиімді бөлу арқылы зейнетақымен қамтудың толыққанды жүйесін құрут арқылы зейнетақы жүйесін сатылай жаңғырту шаралары жүргізіліп келеді.

Әлеуметтік бағдарланған саясатты іске асыру – кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6% -дан 2015 жылы  2,7%-ға дейін 13 есеге төмендеді.

«Қазіргі таңда Қазақстанда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) жаңа форматта енгізу енгізу қарастырылып отыр. Ол әлеуметтік келісімшарттың негізінде көмекке мұқтаж азаматтарға берілетін болады. Егер отбасында еңбекке жарамды адам бар болса, онда АӘК олар жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан жағдайда беріледі», - деп хабарлады Светлана Жақыпова.   

АӘК-ны берудің жаңа тәсілдері пилоттық тәртіпте республикада 2014 жылдан бастап «Өрлеу» жобасының аясында енгізілуде. Оны жүзеге асыру нәтижесінде жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы табысы 2,8 есеге артты. Жобаны жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 8,4 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының жүмысқа жарамды қатысушылары жалпы санының 90,5%-ы қамтылды.

 

Барлық жаңалықтар