- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттарына мемлекеттік наградалар табыс етілді
Мәжіліс депутаттарына мемлекеттік наградалар табыс етілді
Онда Мәжіліс Төрағасы Елбасының Жарлығы бойынша Палата депутаттары мен Аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.
«Ең алдымен баршаңызды келе жатқан егемен еліміздің ең мәртебелі, ең ұлы мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Биылғы мерекенің орны да ерекше, маңызы да өте зор. Енді үш күннен кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған тәуелсіз Қазақстанымызға тура 25 жыл толады. Бұл еліміз тарихындағы ерекше кезең, үлкен белес, тарихи уақыт. Осы уақыттың ішінде Президентіміздің көреген саясатының арқасында біздің мемлекетіміз өте үлкен табыстарға, жеңістерге жетті. Әлемдік деңгейде абыройлы да беделді мемлекетке айналды. Ең бастысы – еліміздің береке-бірлігі мықты және ынтымағы зор. Бұл тікелей Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі. Осы жолда барша қазақстандықтардың, соның ішінде, сіздердің де қосып жатқан үлестеріңіз өте зор»,-деді жиналғандарды тәуелсіздік күнімен құқттықтаған Мәжіліс Спикері өз сөзінде
Салтанатты шарада Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваға, Мәжіліс депутаты Жанат Жарасовқа «Парасат» ордені, Ахмет Мурадовқа II дәрежелі «Достық» ордені, Мәжіліс депутаттары Меруерт Қазбековаға Евгений Козловқа, Айгүл Нұркинаға, Тұрғын Сыздықовқа және Мәжіліс Аппараты Басшысының орынбасары Дастан Махаевқа, Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушісі Аманбек Рамазановқа «Құрмет» ордені, Наталья Жұмаділдаеваға, Магеррам Магеррамовке, Бахтияр Мәкенге, Ирина Унжақоваға және Парламент Мәжіліс Аппаратының Баспасөз бөлімінің бас консультанттары Зәмеш Кеңесқызы мен Ольга Абрамоваға, бөлім меңгерушісінің орынбасары Мұратбек Әмірбековке, Айман Төкиеваға «Ерен еңбегі үшін» медалі, Жанат Омарбековаға «Шапағат» медалі, Наринэ Микаелянға және сектор меңгерушісі Наталья Лотоваға Құрмет грамотасы берілді.
Сондай-ақ, осы күні Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар депутаттар мен аппарат қызметкерлері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеяларының медальдарына және Құрмет грамоталарына ие болды.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай