- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде барлық әлем үшін төзімділік пен келісімнің эталонына айналды (ФОТО)
Б.Сапарбаев: Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде барлық әлем үшін төзімділік пен келісімнің эталонына айналды (ФОТО)
Конференция жұмысына Қазақстан мен Ресей Федерациясының дін және қоғам қайраткерлері, ғылым және білім қайраткерлері, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан көптеген этностар, мәдениеттер мен діндер бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан еркін әрі бейбіт ел болып табылатынын атап өтті. Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде барлық әлем үшін төзімділіктің, бірлік пен конфессияаралық келісімнің эталонына айналды. Бүгін елімізде 4 мыңнан астам діни бірлестік бар, Әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының 5 съезі өткізілді.
«Ақтөбе облысының аумағында 90-ға жуық діни бірлестік пен филиал тіркелген және жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар олардың қызметі мен дамуы үшін тең жағдайлар жасап жатыр. Еліміздің және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап конфессияаралық және ұлтаралық диалог пен келісім арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған», - деді облыс әкімі.
Конференция барысында конфессияаралық диалогты одан әрі дамыту, дәстүрлі діннің қоғамдағы рөлін арттыру жолдары, дін мен мәдениеттің өзара іс-қимылының жаңа жолдары талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған