- Басты
- Жаңалықтар
- Канада Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады
Канада Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады
Шараға Парламенттің Қауымдар палатасының Спикері Джеф Риган, Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Памела Голдсмит-Джонс, Табиғи ресурстар министрлігінің Парламенттік хатшысы Ким Руд, сенат мүшелері, депутаттар, Канаданың мемлекеттік органдарының, іскерлік және ғылыми топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус өкілдері және осы елде тұратын Қазақстан азаматтары қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі негізгі даму жетістіктері, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамалары туралы айтып берді және екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарын атап өтті.
Канаданың үкіметі атынан сөз сөйлеген Ким Руд қазақстандықтарды тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, Оттаваның «100 нақты қадам» ұлт жоспарын қолдайтынын айтты.
Компанияның уран өндіретін ең ірі компанияларының бірі «Cameco» президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі және Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Тим Гитцель Қазақстандағы ағымдағы институционалдық реформалар және экономиканы жаңғырту тұрғысында өзара тиімді ынтымақтастықты өсірудің едәуір перспективаларын атап өтті.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді