ҚР-да өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 98,6% құрады

13 Желтоқсан, 2016 19:36
2016 жылғы қаңтар-қарашада 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

Тамақ өнімдерінің, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың  11 өңірінде байқалды.

 Сонымен бірге, шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді.

Сусындардың, темекі,  химия өнеркәсібі өнімдерінің және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды.

Барлық жаңалықтар