ҚР ІІМ ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық орнатуда

13 Желтоқсан, 2016 12:53
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және ЕҚЫҰ Астанадағы Офисінің басшысы Елші Дьерд Сабо Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар офисінің арасындағы ынтымақтастық ниеттері туралы хаттамаға қол қойды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлағандай,  хаттамада ұйымдасқан қылмысқа, адам саудасына және киберқылмысқа  қарсы күрес мәселелері бойынша бірлескен жұмыс кездесулерін, семинарлар, конференциялар, тренингтер, біліктілікті арттыру курстарын өткізу, сондай-ақ ынтымақтастықтың осы бағыттары бойынша тәжірибе алмасу көзделген.

Кездесу барысында көрсетілген салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасылды.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Хаттаманың маңыздылығына тоқталып, онда белгіленген бағыттардың алдағы уақытта іске асырылатынына сенім білдірді.   

Сондай-ақ, Елші Дьерд Сабо ІІМ-нің қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық шеңберіндегі бірлескен жұмыстар үшін алғысын білдірді.

Кездесу өзара түсіністік және сындарлы диалог сипатында өтті.

Барлық жаңалықтар