- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 100 мыңға жуық адам ШОБ саласында жұмыс істейді
Қызылорда облысында 100 мыңға жуық адам ШОБ саласында жұмыс істейді
«Қазіргі таңда облысымызда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлес қосып отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары және 35 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Аталған секторда 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған – бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі. Қазір де құрылып жатқан жаңа жұмыс орындарының негізгі бөлігі осы шағын және орта кәсіпкерлік саласында екендігі, бұл көрсеткіш қоғамдағы тұрақтылықтың негізі екендігінде ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын»,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Облыстық көрме-конкурс аясында шағын және орта кәсіпкерлік өнімдері мен тауарларының көрмесі ұйымдастырылды. Конкурсқа барлығы 40 кәсіпорын қатысты. «Өндіріс саласындағы жетістіктері үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды қазалылық жеке кәсіпкер Манас Бигерестанов, екінші орынды «МИР-2001» ЖШС алса, бірінші орынға «КНК Кемикал» ЖШС ие болды.
«Азық-түлік өнеркәсібі саласындағы жетістігі үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды шиелілік жеке кәсіпкер Сабыр Ермаханов иеленсе, екінші орынды «Қарашалаң» сервистік дайындау орталығы» алды. Ал бірінші орынға «Қылыш» шаруа қожалығы ие болды. «Жеңіл өнеркәсіптегі жетістіктері үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды Сырдария ауданының жеке кәсіпкері Жәнібек Маханбет, екінші орынды жеке кәсіпкер «МСК», ал бірінші орынды «DALATEX» ЖШС иеленді.
Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып, бизнес өкілдері 1991 жылы дүниеге келген Тәуелсіздік құрдастарын марапаттады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады