- Басты
- Жаңалықтар
- ТжКБ бойынша кадр дайындау жұмыссыздықтың деңгейін 4,8%-ға төмендетеді - БҒМ
ТжКБ бойынша кадр дайындау жұмыссыздықтың деңгейін 4,8%-ға төмендетеді - БҒМ
«ТжКБ бағыты бойынша екі қолдау шаралары қарастырылған, олар: техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. 2017-2021 жылдар аралығында кәсіптік даярлау мен оқытумен барлығы 671,5 мың адам қамтылады», - деп хабарлады Б.Асылова.
Екі қолдау шаралары талқыланылады. Бірінші қолдау шарасы техникалық, ауылшаруашылық, технологиялық мамандықтар бойынша және сервис және қызмет көрсету саласындағы мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларын даярлауды көздейді. 2017 жылдан 2021 жыл арасында даярлаумен 471,5 мың адам қамтылады, оның ішінде РБ қаражаттары есебінен – жыл сайын 106,5 мың адам, ЖБ есебінен – жыл сайын 365,0 мың адам.
Жаңа бағдарлама бойынша 9-11 сынып түлектері, өмірлік жағдайда қиындық көріп жүрген және аз қамтылған отбасылардан шыққан біліктілігі жоқ жастар қатарынан азаматтар білім алатын болады.
Оқыту еңбек нарығына шыға отырып, жұмысшы біліктіліктен орта буын маманы деңгейіне дейін екі деңгейлі оқу моделі бойынша модульдік бағдарламалары арқылы көзделген.
Осы бағдарлама шеңберінде үміткерлердің тізімін қалыптастыруға және іздестіруге ықпал ететін жергілікті білім беру және жұмыспен қамту органдарын, полиция қызметтерін тарта отырып, әрбір елді мекенде әкімдіктер жанындағы мобильді топтар құрылатын болады.
Өңірлік комиссиялармен білім беру ұйымдарының және кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі бекітіледі. Оқыту колледждердің базасында жүзеге асырылатын болады.
Қатысушылар әңгімелесу қорытындысы бойынша оқуға алынады, олар тамақпен және шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.Екінші қолдау шарасы. Дуальді негізде 1-ден 6 айға дейін жұмыс кадрларының қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Жұмысшы біліктілігін жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар алады.Жұмыспен қамту орталықтары тікелей әлеуетті қатысушылардың құрамын қалыптастырады және тізімдерді аудандық (қалалық) комиссияларға жібереді.
Сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлік Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздері оқытылатын болады. Кәсіпкерлікке оқытылған тұлғалар, өз жұмысын ашуға мүмкіндігі болады және микрокредит ала алады.
Бағдарламаны іске асырған жағдайда жұмыссыздықтың деңгейі 4,8% және біліктіліксіз жұмыс күшінің үлесі 20% төмендейді. Сонымен қатар, компьютерлік сауаттылық деңгейі және ағылшын тілі, кәсіпкерлік негіздері дағдылары бойынша жоғарылайды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады