- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жыл соңына дейін 30-дан астам медициналық жедел жәрдем көліктерін сатып алынады
Астанада жыл соңына дейін 30-дан астам медициналық жедел жәрдем көліктерін сатып алынады
«Бүгінгі күні Астана әкімдігі жұмыстарыыңыз үшін қажет жағдайдың бәрін жасап отыр. Жедел жәрдем дәрігерлерінің еңбегі үлкен жауапкершілікті талап етіп, тәуекелмен байланысты екенін біз жақсы түсінеміз. Сол себепті медициналық қызметкердің беделін арттыру, оның әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ету бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келеміз»,- деп мәлім етті нысанның ашылуында Астана әкімі Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, үстіміздегі жылы медициналық қызметкерлерді баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс қолға алынды. Бүгінгі күні қаланың тұрғын үй қорынан жедел жәрдем қызметкерлеріне 30 пәтер бөлінді. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлер үшін отбасылық типтегі жатақхана салу жоспарланған.
Әсет Исекешев автошаруашылықтың аумағын аралап, бірыңғай диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысып, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының еңбек ұжымымен кездесті. Қала басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында жаңа медициналық қызметтің алдында тұрған басымдықты міндеттерді айқындап берді.
Қала әкімдігі хабарлағандай, орталық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысы 2015 жылдың шілдесінде басталып, үстіміздегі жылдың қараша айында сәтті аяқталған. Станцияның қызмет көрсету қуаттылығы - тәулігіне 274 шақыруға бару. Медициналық қызметкерлердің жалпы саны - 1561 адам, соның 118-і дәрігер, 858-і - фельдшер, кіші медициналық қызметкерлер - 179 маман, 331 жүргізуші, 75 қызмет көрсетуші тұлға.
Нысан автопарк, реанимациядық, желілік санитарлық машиналар кешенімен жарақталған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді