ШҚО-да жаңа ауылдық мектеп ашылды

13 Желтоқсан, 2016 10:14
ШҚО Күршім ауданының Үшбұлақ ауылында 80 орынға арналған жаңа мектеп ашылды.

Оқушыларға кең әрі жарық кабинеттерде білім алу қызықты әрі ыңғайлы болады. Акт және спорт залдарында мәдени-көпшілік іс-шаралар, әр түрлі жарыстар өтеді. Сондай-ақ ғимаратта асхана, кітапхана және компьютерлік кластар да бар.

«Оқушылар зерттеу қызметімен тәжірибе жасауға арналған жабдықпен жарақтандырылған химия, биология, физика кабинеттерінде айналыса алады. Педагогтер мен оқушыларға интерактивті тақталар мен мультимедиялық жинақтар берілген», - делінген хабарламада.

Жаңа оқу орнының құрылысына 240 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жергілікті тұрғындар атап өткендей, жаңа мектеп олардың балаларының алдында жаңа көкжиектер ашады. Онда барлығы техниканың соңғы үлгісі бойынша орындалған. Тек оқып, еңбектену ғана қажет. 

Тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстан облысында 170 білім беру нысаны, соның ішінде 138 мектеп және 32 балабақша салынған. 

Барлық жаңалықтар