- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен АҚШ ҚК әскери басшылығы ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі
Қазақстан мен АҚШ ҚК әскери басшылығы ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты әскери ынтымақтастығының ағымдағы өзекті және перспективалық мәселелері талқыланды.
Оның ішінде, 2018-2022 жылдарға арналған бес жылдық жоспардың жаңа жобасымен жұмыс жасау тілге тиек етілді. Соның ішінде, әскери-далалық медицина, инженерлік-саперлік бөлімшелердің жеке құрамын даярлау саласындағы Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын өрістету бойынша ортақ мәселелер талқыға салынды. Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар қазақстандық бітімгершілік әлеуетті нығайту аспектілері мен өңірлік қауіпсіздіктің жалпы мәселелерін қозғады.
Ресми сапар шеңберінде американдық делегацияның ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығына және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне баруы жоспарланғанын айта кеткен жөн.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов, сондай-ақ, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығы Құрлық компонентінің қолбасшысы генерал-лейтенант Майкл Гарретпен екіжақты кездесу өткізеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды