- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: ОҚО-да 200 млн теңгенің балық зауыты іске қосылды (ФОТО)
ИИДМБ: ОҚО-да 200 млн теңгенің балық зауыты іске қосылды (ФОТО)
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 200 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Мереке қарсаңында 40 адамды жұмыспен қамтыған жаңа зауыт ашылып жатыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыратын бұл жұмыс орны құтты болсын. Зауыттың іске қосылуына мұрындық болған жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаевқа алғысым шексіз. Ол өз өнімімізді ұқсатып, алыс және шет елге шығарып отыр. Олай болса, жаңа кәсіпорын игіліктеріңізге жұмыс істей берсін дегім келеді, - деген Жансейіт Қансейітұлы бір топ ардагерлермен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Кәсіпорын басшысы Талғат Жалғасбаев облыс әкіміне зауыттың іші-сыртын көрсетіп, балық өңдеу процесімен таныстырды. Теңіз жағасынан бой көтерген балық өңдеу кәсіпорнында балық еті мен тұздалған және қақталған балық өнімдері өндіріледі. Ал жылдық қуаттылығы 600 мың тонна балық өнімдерін құрайды.
Бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұл зауыттың маңызы зор екенін айтқан аймақ басшысы кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін ауданда екі балық өңдеу зауыты жұмыс істеп келген болатын. «Хамит» СТК-і мен «Шардара балық – 1» балық өңдеу зауыттары биылғы жылы есепті мерзімде 3700 тн. балық өнімдерін өндіріп, алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарып отыр.
Шардара ауданына жұмыс сапары барысында әкім Шардара су электр стансасының жұмысымен де танысты.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды