- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Калашникова: «Мәңгілік елім менің» антологиясының бірегейлігі - ҚР этностарының ерекшелігін таныстыру
Н.Калашникова: «Мәңгілік елім менің» антологиясының бірегейлігі - ҚР этностарының ерекшелігін таныстыру
«Бүгін ілкімді таныстырылым өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында патриоттық негізде аталмыш әдебиет туындыларының пайда болуы, оның авторларына деген құрметті тудырады», - деді Н.Калашникова.
Ол айтып өткендей, Жазушылар одағының қолдауымен туған тілде жазылған дүниені өзге тілдерге аударатын шығармашылық ұжым құрылды. Ұжымның көмегімен аталмыш туынды жарық көрді.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік елім менің» поэзиясы антологиясының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми мен шығармашылық зиялылары, шығармалардың авторлары, Қазақстанның танымал жазушылары мен ақындары, БАҚ қатысты.
«Мәңгілік елім менің» антологиясын Қазақстан жазушылар одағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жарыққа шығарды.
Антологияда Қазақстан Республикасының түрлі этностары ақындарының (қазақ, орыс, ұйғыр, күрд, татар, украин, белорус, неміс, кәріс, армян, шешен, ингуш, түрік, осетин, дүнген және т.б.) өлеңдері жинақталған.50 автордың өлеңдері мемлекеттік тілде жарық көріп, орыс тіліне аударылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Елімізде тұрғын үй бағасы неліктен қымбаттады -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу