- Басты
- Жаңалықтар
- Петропавлда жаңа түзету орталығы ашылды
Петропавлда жаңа түзету орталығы ашылды
Жаңа мекемеге Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Ерiк Сұлтанов барды.
Өңiр басшысы кабинеттердi аралап, орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысты.
«Мұнда барлық жағдай жасалды. Жаңа кабинет арқасында балаларға мамандандырылған психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетiледi. Орталық балалар үшiн жайлы болатынына сенемiн», — дедi облыс әкiмi.
Петропавлдағы мекеме Қазақстан бойынша ашылған жетiншi орталық. Орталық «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтiк жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Дара» Қайырымдылық Қоры ашып отыр.
Өз кезегiнде «Дара» Қайырымдылық Қорының жобалар басшысы Марал Шешембекова облыс басшылығы мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтiк жобаларды дамыту қорына ерекше қажеттiлiктерi балаларға арналған орталықтар желiсiн кеңейтуге қолдау көрсеткендерi үшiн алғысын бiлдiрдi.
«Барлық балалар қабiлеттi және лайықты бiлiм мен дамуға құқылы. Уақтылы және мамандандырылған кәсiби көмек кез келген баланың өмiрiн жақсарта түсуге, лайықты және жарқын болашағына мүмкiндiк бередi», — дедi Марал Шешембекова.
Жаңа орталықта әрбiр ерекше баламен кәсiби мамандардың тобы жұмыс iстейдi, олардың iшiнде педагог-психолог, дефектолог, логопед, сурдопедагог, емдеу дене шықытыру нұсқаушысы, музыкалық-ырғақтық дәрiстердiң ұстазы, емдеу массажының медбикесi бар. Бұдан басқа, ата-аналарға психологиялық қолдау мен кеңестiк көмек көрсетiледi.
Жыл сайын бұл орталық дамуында түрлi ауытқулары бар 100-ден астам балаға тегiн мамандандырылған және мамандандардың кешендi көмегiн ұсынады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр