- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында жолдардың қамтылуына 5 млрд теңге бағытталады
Павлодар облысында жолдардың қамтылуына 5 млрд теңге бағытталады
2017 жылы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 6 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалатын болады (2018 жылы – 4,6 млрд. теңге; 2019 жылы – 4,6 млрд. теңге). Облыс құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтау жұмысы жалғасын табады. Жергілікті полиция қызметін жарақтау ісіне ерекше көңіл бөлінуде.
Полицияның учаскелік инспекторларына 40 автокөлік, 21 стационарлық радиостанция және 114 компьютер сатып алу жоспарланып отыр. Нәтижесінде учаскелік инспекторлар автокөлікпен 90%-ға, байланыс құралдарымен 100%-ға дейін, компьютерлік техникамен жабдықталуы 53%-дан 85%-ға дейін артады.
Бұл мақсатта 1 миллиард теңге жұмсалады. 2017 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бюджет шығыстары 6 миллиард теңгеге дейін немесе 2016 жылғы шығыстан 20%-ға өсті (2018 жылы – 6,5 млрд. теңге және 2019 жылы – 6,9 млрд. теңге). Жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін іс-шаралар сақталып қалады. 2017 жылы аймақ жолдарын күтіп ұстауға және жөндеуге 5 миллиард 564 миллион теңге бөлінеді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3 миллиардқа артық (2018 жылға – 3,3 млрд. теңге, 2019 жылға-3,5 млрд. теңге).
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың күрделі жөндеуіне бөлінген қаражат екі есеге артып, 4,5 миллиард теңгені құрады. Бұл қаражат былайша бөлінбек: 3 миллиард теңге - елді мекендердегі кірер жолдар мен кентішілік жолдар мен көшелердің орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, 1 миллиард теңге – облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 74 километрін орташа жөндеуге. 2017 жылғы абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарына және профилактикалық дезинсекция және дератизация жүргізуге 3,5 миллиард теңге жұмсау жоспарланған, бұл 2016 жылға қарағанда 15 есе көп (2018 жылға – 1,0 млрд. теңге, 2019 жылға – 0,7 млрд. теңге).
Қалалар мен аудандарға қаржылай көмек көрсету мақсатында, елді мекендерді, қалалардың кварталішілік аумақтарын, саябақтарды абаттандыруға және оларды жарықтандыруға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді. 2017 жылдан бастап қансорғын жәндіктер мен кеміргіштермен күрес шаралары Павлодар қаласының, облыс моноқалалары мен жағада орналасқан аудандар аумағында жүргізілетін болады. Өңдеу жұмыстарына 602 миллион теңге бағытталады. Бұл 2016 жылғыдан 3,5 есе көп (2016 жылы – 170,7 млн. теңге). 2017 жылдың бюджетінде табиғат сақтау шараларына 792,2 млн теңге, бизнесті қолдауға және дамытуға 1,8 млрд теңге жұмсалмақ.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі