- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының 2017-2019 жылдардағы бюджеті 139,5 млрд теңгені құрайды
Павлодар облысының 2017-2019 жылдардағы бюджеті 139,5 млрд теңгені құрайды
2017 жылы республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 43 миллиард 79 миллион теңге сомасында жәрдемқаржы түседі (2018 жылы – 46,8 млрд. теңге, 2019 жылы – 46,1 млрд. теңге). Жалпы, аймақ қазынасының көлемі 139,5 млрд теңгені құрайтын болады, бұл 2016 жылы бөлінген сомадан 6 есеге дерлік көп.
«Мен үш жыл бойы барлық баяндамаларда дерлік атап өтілген цитатаны оқимын, Биылғы жыл оңай болған жоқ, біз шектеулі бюджеттік қаражатпен жұмыс істедік. Оған қоса, соңғы жылдары республикалық бюджеттен түсетін жәрдемқаржы көлемі жеті миллиард теңгеге азайды. 2016 жылы жәрдемқаржы бар-жоғы 7,2 миллиардты құрады». Әрқайсысыңыз осыны естідіңіз, алайда, менің орынбасарларымның, Парламент депутаттарының және үкіметтің арқасында Павлодар облысының үш жылғы бюджеті бізге қажет көрсеткіштерді құрап отыр» - деді облыс әкімі Болат Бақауов депутаттарға қарап.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың ақпары бойынша, келесі жылы аймақ қазынасының көлемі 139,5 млрд теңгені құрайтын болады. 2017 жылы білім беру жүйесіне 15 миллиард 432 миллион теңге қарастырылған, бұл 2016 жылғы жоспардан 2 миллиард 713 миллион теңгеге артық (2018 жылы – 13,7 млрд. теңге, 2019 жылы – 14,7 млрд. теңге).
Қалалық және аудандық білім беру мекемелерін жаңа ұрпақ оқулықтарымен, компьютерлік техникамен, робототехника кабинеттерімен, спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету, ауыл мектебі оқушыларын мектепке тасымалдайтын 20 автобус сатып алу мәселелері оңынан шешілді.
Оған қоса, облыс білім беру мекемелеріне мектеп жанындағы интернаттар ашуға және 65 нысанды жөндеуге 1 миллиард 617 миллион теңге қарастырылған. Денсаулық сақтау саласына 2017 жылы республикалық қаражатты есеп алумен 17 миллиард 348 миллион теңге бөлініп отыр (2018 жылы – 4,6 млн. теңге, 2019 жылы – 4,5 млн. теңге).
Тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі 13 миллиард теңгені құрайтын болады. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 2 миллиард 535 миллион теңге қарастырылған, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі