- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев пен В.Володин парламентаралық ынтымақтастықты талқылады (ФОТО)
Қ.Тоқаев пен В.Володин парламентаралық ынтымақтастықты талқылады (ФОТО)
Қ.Тоқаев ресейлік депутаттарды Конституция күнімен құттықтады және өз елдеріндегі парламенттік сайлаудың табысты өтуімен құттықтады. Төраға ресейлік парламенттің қазіргі құрамы Ресей Федерациясының экономикалық әлеуеті мен оның халықаралық орнын нығайту жөніндегі барлық міндеттерді нәтижелі атқаратынына сенім білдірді. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қ.Тоқаев екі мемлекет те осы қысқа мерзімде жүз жылға татитын жолдан өткенін атап өтті.
«Мемлекет басшыларының күш-жігері арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар сатысына шықты» - деді ол.
Қ.Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтағы, оның ішінде мемлекетаралық маңызды құжаттарды уақытында ратификациялау арқылы оң өзгерістерге Қазақстан мен Ресей парламенттерінің зор рөлін атап өтті. Төраға Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық диалогын одан әрі нығайтуды, әсіресе, дүние жүзіндегі парламентаризмнің рөлі артып келе жатқанда уақыттың өзі талап етіп отырғанын айтты. Қ.Тоқаевтың айтқандарымен келісе отырып, В.Володин қазақстандық депутаттарды біздің еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады: «Біздің парламенттік қатынастардың ерекше сипаты ескеріле отырып, одан әрі дами береді. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарды паш етеді», деді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері