• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың саны 5 мыңға қысқарады (ФОТО)

Қазақстанда мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың саны 5 мыңға қысқарады (ФОТО)

12 Желтоқсан, 2016 12:46
Қазақстанда мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың саны 5 мыңға қысқарады, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Қазіргі кзеде мемлекет меншігінде шамамен 7 мыңға жуық ұйым бар – олар мемлекеттік кәсіпорындар, АҚ, ЖШС.

Инвентаризациялаудың бірінші кезеңінде мемлекет меншігіндегі ұйымдар саны 1 136-ға азайып, 6 мыңнан кем болады. Қосымша жылдық айналымы 66 млрд теңге, оның ішінде бюджет есебінен 28 млрд теңге болатын 105 ұйым жеке қолға көшеді.Кестеге енгізілген 408 ұйымды ескерумен, бизнеске жылдық табысы 336 млрд теңге, оның ішінде бюджет есебінен 119 млрд теңге болатын 513 ұйым ұсынылады.

«Нысандарды үш жыл ішінде сатуды ұсынамыз. 2017 жылы сатылымға «Атамекен» ҰКП ұсыныстары негізінде қалыптастырылатын аса тартымды нысандарды шығару көзделіп отыр», - деді Б. Сұлтанов.

Қаржы министрінің айтуынша, алғашқы кезеңнен кейін мемлекет меншігінде 5 991 ұйым қалады. Оның жартысына жуығын немесе 42% -ын балабақшалар құрайды. Бестен бір бөлігін ЖОО-лар, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары құрайды. 13 % -ы емханалар мен ауруханалар, 8,5%–ы театр, музей, мәдениет үйлері. Қалған ұйымдар – монополия, БАҚ, ветеринарлық ұйымдар және т.б.

«Негізгі бөлігін әлеуметтік сала ұйымдары құрайды. Оларды бәсекелі ортаға беруді коммерцияландыру мәселесі, ЖОО-ларды реформалау аяқталғаннан кейін мүмкін болады деп санаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындар бюджеттік бекіту -  жаңа ұйымдастыру-құқықтық формасы енгізілгеннен кейін айтарлықтай қысқаруы тиіс. Оларды одан әрі МЖӘ желісі бойынша беру жеке бизнесті жандандыруға жол ашады», - деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Инвентаризациялаудың екінші кезеңінен кейін мемлекет меншігінде 1 400-ге жуық ұйым қалады. Баяндамашы атап өткендей, бизнес балабақшаларды сенімгерлік басқаруға алуға ниет білдіріп отыр.

Министрдің есептеуінше, қабылданған шаралар бюджеттік шығындар мен мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыратын болады.

Осы кезеңде ұйымдардың саны 4,5 мың ұйымға қысқарып, 1 393 ұйымды құрайды.

«Екінші кезеңде жаңа ұйымдастырушылық нысаны – бюджет мекемесі енгізілетін болады. Өлшемшарттарды Атамекен ҰКП-мен бірлесіп Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері әзірлейтін болады. 

Ол үшін монополияны реттеу органның кешенді салалық талдауы қажет. Жаңа ұйымдастырушылық нысанның өлшемшарттарына сәйкес келмейтін ұйымдар бәсекелестік нарыққа, оның ішінде Мемлекеттік жекешелік әріптестікке берілетін болады», - деді ол.

Мысалы, бизнес балабақшаларды сенімгерлік басқаруға алуға қызығушылық білдірген. Бұны алдымен астанада және облыс орталықтарында пилотты түрде енгізуге болады.

Министр айтқандай,  жоғарғы оқу орындарды жекешелендіру бойынша: Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жекешелендірудің мынадай нұсқасы әзірленді. 34 жоғарғы оқу орындары коммерциялық және коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға қайта құрылатын болады. Бұл жұмыс 2017 жылдан басталады.  2020 жылға акцияларды қосымша шығару жолымен жеке капиталды тарту жүзеге асырылатын болады.

Білім туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін 2018 жылы колледждер үлкен кәсіпорындарға және университеттерге сенімгерлік басқаруға ұсынылатын болады.

6-медициналық жоғарғы оқу орындары бойынша 2017 жылдан бастап стратегиялық әріптестіктермен бірлесіп, қамқорлық бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.                2018 жылдан бастап – университеттік клиникаларды бірлесіп басқару бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады. 2019 жылдан бастап – сенімгерлік басқаруға беру жүзеге асырылатын болады.

2017-2020 жылдары сенімгерлік басқаруға 124 емханаларды беру жоспарлануда.Екінші кезеңді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлік, білім, денсаулық сақтау және басқа құқықтық актілерге түзетулер енгізуді қажет етеді.

Сондықтан, екініші кезең бойынша қысқарту 2017-2019 жылдар кезеңін қамтиды.

Бұл шаралар бюджеттік шығыстарды және мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттырады.

 

Барлық жаңалықтар