- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас ұлан» әскери мектептеріне инновациялық оқыту әдістері енгізіледі (ФОТО)
«Жас ұлан» әскери мектептеріне инновациялық оқыту әдістері енгізіледі (ФОТО)
Бұл іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Білім және ғылым департаментінің, Ұлттық қорғаныс университетінің, «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» өкілдері, сондай-ақ Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық мектептерінің басшылығы мен оқытушылар құрамы қатысты.
Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебінің мұғалімдері оқу процесінде инновациялық оқыту әдістерін енгізу мен оны тәжірибеде пайдалануды көрсетті. Бұл мұғалімдер мен ұландықтардың арасында өзара іс-қимылда барынша тиімді нәтижелерге жетуге, тәрбиеленушілердің бойында жан-жақты интеллектуалдық, байланыс және шығармашылық шеберлікті дамытуға бағытталған ымырасыз жаңа тәсілдер мен әдістер.
Барлық әскери мектептің өкілдері оқу үдерісіне аталған инновациялық оқыту әдістерін енгізу барысын жеткізді. Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары әскери мектептерде сабақтарды өткізу сапасына өз тарапынан жоғары баға берді. Жаттықтыру сабағы мен дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар 2016 жылғы ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, әрі қарай жұмыс бағыттарын айқындады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі мен «Назарбаев интеллектуалдық мектебі» арасындағы ынтымақтастық бұрын қол қойылған меморандум аясында іске асырылатынын атап өткен жөн. Ағымдағы жылы озық тәжірибелерді трансляциялау жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда, әскери мектептің мұғалімдері мен кітапханашылары тиімді оқытуды оқу процесіне енгізу бойынша арнайы курстардан және тренингтерден өтті.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі