- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мүгедектер арбасын жөндеу жобасы іске қосылды
Астанада мүгедектер арбасын жөндеу жобасы іске қосылды
«Мемлекет серуендеуге арналған арбаны 7 жылға, үй ішінде жүруге арналған арбаны 4 жылға бөледі. Белгілі бір уақыт өткен соң ол істен шығады. Арбаны ұзақ уақыт пайдалану үшін осы жобаны іске қостық. Ол да машина сияқты жөндеуді қажет етеді», - дейді «ДОС тәуелсіз өмір» орталығы ҚБ төрайымы Дина Ерділдинова.
Ұсақ, орташа және күрделі жөндеуден басқа, «Инва СТО» кәсіпорнында мүгедектер техникасын жалға алуға болады.
«Біз жылына екі рет арба жөндеуді жоспарлап отырмыз. Мүгедектер арбасын пайдаланатын адамдардың тізімін Жұмыспен қамту басқармасынан алып, телефон соғып, техникалық қызмет көрсетпекпіз», - дейді «Инва СТО» бас шебері Ардақ Оторбаев.
«ДОС Арт» тобының миссиясы мүмкіндіктері шектеулі жандарды мәдени және қоғамдық өмірге тарту. Бағдарламаға вокал, арбамен би және музыкалық аспаптарда ойнау дәрістері енгізілмек.
Биылғы жылы «ДОС» орталығына 10 жыл толады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды азаматтық қоғамға интеграциялау жұмысын жүргізе отырып, орталық қыштан бұйымдар жасау, ағаш ою және сәндік-қолданбалы өнер шеберханаларын ашты. Осы үш шеберханада 200 адам оқытылды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды