- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ отызға жуық инновациялық жобаның тұсаукесерін жасады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ отызға жуық инновациялық жобаның тұсаукесерін жасады
Қ. Алпысбаев Қазақстанның мемлекеттігі қалыптасуына және дамуына темір жол саласының қосқан үлесіне тоқталды. «Қазақстан темір жолы» Тәуелсіздік жылдары ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық негізін қалап, дамудың қозғаушы күшіне айналды».
Компания басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың ауқымы, Қазақстанның Жаңа Жібек жолындағы іскерлік және логистикалық қалыптасу орталығы болуы, ғаламдық нарыққа қазақстандық көлік-логистикалық қызмет түрін ұсыну мәселесіне ерекше назар аударды.
«Біз 2020 жылдары логистикалық қолайлы 40 озық елдердің қатарына кіруіміз керек. Бұл стратегиялық тапсырма Компанияның барлық құрылымдарының топтаса бірге қызмет атқаруын, оның ішінде жастардың да белсенділігін қажет етеді»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.
Мемлекет басшысы 1-желтоқсандағы Жастар форумында «әлемнің жаңа технология ғасырына аяқ басқандығын» жариялады. Бұл өз кезегінде ғылыми -техникалық дамудың ұшқыр жылдамдықпен басталып, бәсекелестіктің күшейе түскендігін көрсетеді. Сондай-ақ, бұл бәсекелестік жас ұрпаққа өзінің қабілет қарымы мен талантын танытып, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік әпереді»,- деді Компания басшысы.
Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жас мамандардың кәсіби дамуына тұрақты көңіл бөліп келеді. Олар орташа кәсіби және жоғары білімдерін дуальдық оқу жүйесі арқылы алып, біліктіліктерін тұрақты көтеріп отырады. Биылғы жылдың өзінде 22 мың еңбеккер біліктілігін көтерді.
Жастарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Жұмысқа жаңа кіріскен 3,4,5 –класты шалғайдағы станциялар мен жол айырықтарындағы жастарға материалдық көмектер беріліп, түрлі байқауларда жеңімпаздарға құрмет көрсетіледі.
Компания басшысы сөз соңында теміржолшы жастардың қазірге дейінгі атқарған қызметтерін жоғары бағалап, алдағы стратегиялық даму кезеңіндегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік-логистикалық саласын дамытуға сүбелі үлес қосатындықтарына сенім білдірді.
Форумда «Болашақ басқарушылар», «Жас кәсіби мамандар», «Есте сақтаймыз, мақтаныш етеміз, ізбасары боламыз» және тағы басқа бағдарламалар мен инновациялық жобалардың байқауларының қорытындысы шығарылды.
27 инновациялық жобалардың ішінен бірінші орынды Орал станциясының қабылдап-өткізушісі М. Сүлейменованың «3D логистикалық оқу жүйесі» бастамашылығы иемденіп, оны өндіріске енгізу ұсынылды.
Сондай-ақ, Жастар ісі жөніндегі Кеңестің аймақтық үздік өкілдері, жас теміржолшылар отбасы марапатталды.
Форумның жабылу салтанатына қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылары, салалық кәсіподақ жетекшілері қатысты.
Форум соңғы жеті жылда Компаниядағы жастар саясатының маңызды бөлігіне айналды.
ҚТЖ еңбеккерлерінің әрбір төртіншісі жастар өкілі болып табылады. «Қазақстан темір жолы» жастар қауымдастығының барлық топтары: басшылар, мамандар, еңбеккерлер түгел корпоративтік тапсырмаларды орындауға бір кісідей жұмылады. Олар Компанияның бәсекелестікке сай көлік-логистикалық кешенін дамытуға атсалысады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды