• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанадағы тұңғыш гибридтік зертхана жүкті әйелдерге реанимациялық көмек көрсетудің сапасын арттырады

Астанадағы тұңғыш гибридтік зертхана жүкті әйелдерге реанимациялық көмек көрсетудің сапасын арттырады

9 Желтоқсан, 2016 18:53
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Астанадағы №1 перинаталдық орталықта ашылған алғашқы гибрид зертханасымен танысты, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған зертхана ағымдағы жылғы қарашада Каунас қаласының (Литва) Дағдарысты зерттеу орталығы мамандарының қатысуымен «Акушерлік қансырауды емдеу мен жаңа туған нәрестенің жағдайын тұрақтандыру» бағыты бойынша құрылған болатын.

Гибридтік тәсілді енгізу жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге реанимациялық және интенсивті көмек көрсетудің сапасын арттыру және ана мен сәби өлімін азайту мақсатында дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін манекендерде практикалық дағдыларға үйретуге мүмкіндік береді.

 

Барлық жаңалықтар