- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті: Қазақстан жастары елдің гүлденуі жолында еңбек етуі керек
ҚР Президенті: Қазақстан жастары елдің гүлденуі жолында еңбек етуі керек
«Мен Ассаблеяның белсенді жастарын ерекше қабылдаймын. Олар «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында біріккен біртұтас елдің болашағы. Жастарға айтатыным: адал еңбек етіңдер, Қазақстанның гүлденуі жолында жұмыс істеп, бір-біріңді қолдаңдар. Біздің тұрақтылығымыз бен ауызбіршілігімізді бағалаңдар. Біз әркез бір тағдыр бір ел деп айтып жүреміз. Біздің жолымыз – ұлт бірлігінің жолы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елдегі үш ұлттық театрға – корей, неміс, ұйғыр театрларына академиялық дәреже беріледі.
«Біздің газет пен журналдарымыз 15 тілде, театр 7 тілде сөйлейді. Қазақстанда өзге елде кездеспейтін құбылыс болып отыр. Бүгін осы фестивальде үш ұлттық театрға – корей, неміс, ұйғыр театрларына академиялық дәреже беруді жариялаймын. Бұл елдегі театр өнерін дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Барлық ұжымдарды аталмыш оқиғамен құттықтаймын. Баршаларыңызға шығармашылық табыс тілеймін», - деді Елбасы.
Айта кетейік, Астана қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі өтуде. Маңызды жиынға 10 мыңнан астам адам қатысып жатыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты