Шетелдік сарапшылар отандық БАҚ өкілдерімен тәжірибе бөлісті

9 Желтоқсан, 2016 17:12
Астанада «Қазконтент» АҚ баспа БАҚ өкілдері үшін жыл сайынғы конференция өткізуде. Қатысушыларды белгілі медиа-жаттықтырушылар Екатерина Шукалова мен Тимур Бектұровтан практикалық шеберлік сыныбы күтеді.

Конференция отандық баспа БАҚ бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін «Ақпараттық Қазақстан - 20250» мемлекеттік бағдарламасында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін өткізілуде.

«Бұл - республикалық конференция, оның негізгі мақсаты, біріншіден, «Жеке БАҚ-тың интернетке көшуі» бағдарламасы бойынша бір жыл ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындыларын жасау. Екіншіден, өңірлік және жергілікті БАҚ үшін белгілі шеберлік сыныбын өткізу. Себебі мұндағы негізгі идея оқыту мүмкіндігі болып табылады. Әлемдегі ілгері дамудан артта қалмау үшін мұндай бағыт біздің БАҚ үшін өте маңызды», - деп хабарлады «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлік Қаражан.

«Баспа БАҚ-тың интернетке көшуі» жобасының бас менеджері Алтынай Шманованың айтуы бойынша, өткен жылдар ішінде конференция журналистер арасында тәжірибе алмасуға арналған белгілі алаңға айналған.

Мәскеуден арнайы шақырылған медиа-жаттықтырушылардың бірі «ФЕРТ» интернет агенттігінің директоры және бизнес-консультант Екатерина Шукалова шеберлік сыныбында журналистерге жаңа үрдістер туралы ғана емес, сонымен қатар өз жұмысымызда әлеуметтік желілерді қалай пайдалану керектігі туралы да айтып берді. 

Барлық жаңалықтар