- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан мен Ауғанстан парламентшілері екі елдің ынтымақтастығын талқылады
Астанада Қазақстан мен Ауғанстан парламентшілері екі елдің ынтымақтастығын талқылады
«Қазақстандық-ауғандық парламентшілер, Қазақстан мемлекеттік органдарының басшылары, сарапшылары парламентаралық ынтымақтастық, сауда-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен бірге аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесіне де назар аударылды», - делінген ақпаратта.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың пікірінше, келер жылдың сәуір айында Ауғанстанда өтетін президент сайлауына, қауіпсіздікке араласатын Халықаралық күштер контингентін Ауғанстаннан шығаруға байланысты аталған мәселе өте өзектілік танытып тұр.
Елдегі сайлауалды жағдаймен танысқан ауғанстандық парламентшілер өздеріне Қазақстанның көмек көрсетуі арқасында бүгінгі жарқын өзгерістер болып жатқанын мәлімдеді.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында біздің мемлекетімізге жыл сайын экономикалық, білім, құрылыс жолдары мен денсаулық сақтау саласынан көмек көрсетіп келеді,- деп атап өтті Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джиргасының вице-спикері Мохаммад Сальджуки.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев барлық саладағы қолдаудың маңызына тоқтала келіп, бүгінгі жағдайдағы аса маңызды міндет – Ауғанстанды сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, т.б. жүйлерде аймақтық ынтымақтастыққа тарту екенін атап өтті.
Сонымен қатар мәжілісмен Ауғанстанмен арадағы парламентаралық ынтымақтастықты жандандыра түсуге де ерекше назар аудартты.
«Парламент бүгінде Ауғанстанда саяси, діни, этникалық әртүрлі топтарды шоғырландырған маңызды институт болып отыр. Бұл институттың ауғандық қоғамда өмір сүріп жатқан әртүрлі көзқарастарды келісімге келтіруге мүмкіндігі бар. Сол үшін оған және осы елдегі парламентаризмнің дамуына көмек бергеніміз дұрыс болады»,- деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды