• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда кәсіпкерлік картасын іске асыру үшін 170 инвестициялық жоба іріктелген – ҰКП

Қазақстанда кәсіпкерлік картасын іске асыру үшін 170 инвестициялық жоба іріктелген – ҰКП

9 Желтоқсан, 2016 20:19
Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы аясында қазақстандық кәсіпкерлердің 170 инвестициялық жобасы мақұлданды, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Кулибаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу барысында.

Тимур Кулибаев Ұлттық палатаның бірегей өнімі – Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына ерекше көңіл аударды. Карта қазақстандық бизнес үшін және инвесторлар үшін ақпараттық ресурс ретінде қызмет атқарады, сондай-ақ қаржыландыруды, тауарларды экспортқа ілгерілетуді іздеуді едәуір оңайлатады.

Осы Карта аясында қазақстандық кәсіпкерлердің 170 инвестициялық жобасы іріктелді. Осыған байланысты, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы осы жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуды жүзеге асырады.

«Жалпы, Қазақстанның бизнес ортасы көрші елдер арасында үздіктердің бірі болып табылады, біздің елімізде кәсіпкерлер үшін бизнесті жүргізу мүмкіндігі анағұрлым қолайлы», - деп түйіндеді Тимур Кулибаев.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Аян Еренов жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Атап айтқанда, Сыртқы сауда палатасы әр түрлі бизнес қоғамдастықтардың хатшылығы ретінде бола отырып, 2016 жылы Ресей Федерациясы, Австрия, Нидерланды, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты елдермен 12 кездесу ұйымдастырған. 

Барлық жаңалықтар