- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Жер заңнамасына енген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады
Сенат Жер заңнамасына енген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады
«Аталған Заң жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі Елбасы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 18 тамыздағы Жарлығын орындау үшін әзірледі», – деді Вице-Премьер.
Заң жобасының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға жалға және қазақстандықтарға жеке меншікке беруге байланысты Жер кодексінің және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына жарияланған мораторий мерзімін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту болып табылады.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалы жағдайы, олардың пайдаланылуы, меншік иелелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер базасын құруға бағытталған ревизия және топырақтық, геоботаникалық зерттеу, оның кадастрлық құнын анықтауды қамтитын жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.
«Өз кезегінде, бұл мәліметтер ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды жоспарлау мен бақылауға негіз болып табылады. Бұл жұмыстарды жүргізу қосымша уақытты талап етеді», – деп атап өтті А.Мырзахметов.
Сондай-ақ, заң жобасы мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге байланысты мәселелерді заңнамалық тұрғыда реттейді.
Айталық, мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына қатысты. Яғни, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болғандықтан, тек қана қазақстандықтарға жалға беріледі, жеке меншікке берілмейді.
Баяндама соңында А.Мырзахметов Заң жобасын іске асырудың мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейтінін және әлеуметтік-экономикалық ортаға оңды әсер етінін атап өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады