• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясында Аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды

Мемлекеттік басқару академиясында Аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды

10 Желтоқсан, 2013 17:26
2013 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, деп академияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов пен Түрік халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінің (TIKA) вице-президенті   Мехмет Сюрея Эр мырза орталықтың ашылу салтанатына қатысты», - делінген хабарламада.

TIKA-ның демеушілік қолдауымен Орталық қазіргі заманғы типографиялық жабдықтармен жарақтандырылған.  

Негізгі мақсаты – қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді шет тілінен монография мақалаларын, оқулықтарды аудару арқылы мемлекеттік басқару  мен мемлекеттік қызмет саласындағы алдыңғы қатарлы шетелдік зерттеу, талдау және әдістемелік тәжірибемен таныстыру.   

Орталықты ашу рәсімі аяқталған соң, Мехмет Сюрея Эр  Академияның материалдық-техникалық базасымен танысты және магистранттарға «Халықаралық менеджмент» тақырыбына дәріс оқыды.  

TIKA-мен арадағы ынтымақтастық шеңберінде  Академия магистранттары мен профессор-оқытушылар құрамының Түркия Республикасындағы (Адилет Түрік академиясы мен TODAIE)  біліктілігін арттыруы тұрақты түрде жүргізіледі.   

Барлық жаңалықтар