• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында қан айналым жүйесінің салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 11, 3 пайызға азайды

Қызылорда облысында қан айналым жүйесінің салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 11, 3 пайызға азайды

9 Желтоқсан, 2016 17:34
Қызылорда облысында қан айналым жүйесінің әсерінен көз жұматындардың саны 11, 3 пайызға азайды, деп мәлімдеді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша  Қазалы теміржол ауруханасында 15 орындық нейрореабилитациялық бөлімі бар ІІ деңгейлі инсульттық орталық ашылған. Орталық Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына да қызмет көрсетіп келеді. 

«Аймағымыздағы барлық медицина ұйымдарында науқастарды қолдау қызметтері құрылды. Халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату мен ұзын-сонар кезекті болдырмау мақсатында БМСК ұйымдарындағы тіркеу бөлімінің жұмысы оңтайландырылды», - деді А.Әлназарова.

 Осы жылдың ақпан айында алғаш рет Emdeu.kz бірыңғай ақпараттық платформасы құрылып, Call-центр қызметінің аясы кеңейе түсті. Оған бюджеттен 5 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл жүйе интернет, телефонды қолданып қажетті дәрігерге жазылуға немесе үйде отырып-ақ дәрігерді шақыруға мүмкіндік береді.

Сәуір айында Қазалы ауданының орталық ауруханасының негізінде инсультпен ауыратын науқастарды қалпына келтіру бөлімі ашылды. Жұмыс нәтижесінде  қан айналу жүйесінің ауруынан көз жұмғандар саны 100 адамға  11, 3 пайызға азайды.

 

Барлық жаңалықтар