- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында "жедел жәрдем" автопаркі 6 реанимобильмен толықты
Павлодар облысында "жедел жәрдем" автопаркі 6 реанимобильмен толықты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Болат Бақауов облыстық жедел жәрдем қызметіне ең озық, заманауи медициналық жабдықпен жарақталған алты реанимобиль көлігін тапсырды. Салтанатты шара кардиологиялық орталықтың алаңында өтті.
"Біздің «жедел жәрдем» төтенше жағдайлар орын алған кезде небары он минутта жететін, еліміздегі ең жедел қызметтердің бірі. Келесі жылдың бюджеті есебінен 80 автокөлік алынады. Оның ішінде 10 реанимобиль, 20 жедел жәрдем көлігі және ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған 50 көлік", - деді ол.
Аймақ басшысы облыс қалалары мен аудандарында көрсетілетін медициналық жәрдемнің сапасын арттыру мақсатында фельдшерлік пунктер мен ауруханалар ашылып жатқанын айтып өтті. Жақын күндері Май ауданында омыртқасы зақымдалған мүгедек жандарға арналған орталық, ал Екібастұз қаласында диагностикалық орталық ашылады. Сонымен қатар, дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шаралар қолданылуда.
Облыс әкімі, сондай-ақ Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасына барып,ондағы тыныс-тіршілікпен танысты. Қазіргі уақытта мұнда облыс бойынша жедел жәрдем қызметін оңтайландырудың бастапқы жобасы енгізілген. Навигациялық жүйені енгізу арқылы енді «онлайн» тәртібінде барлық бағыттарды бақылау ұстауға болады.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек