- Басты
- «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға Чех мемлекетінің басшылығы келеді (ФОТО)
«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға Чех мемлекетінің басшылығы келеді (ФОТО)

Ұлттық компания хабарлағандай, кездесуде Чех Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойылды.
Басқасы барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрмені ұйымдастыру жұмысы туралы, сондай-ақ, халықаралық қатысушыларға павильондардың берілу дайындығына тоқталып өтті.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық қарқынды жүргізілуде, біз ендігі мазмұнмен толтыру кезеңіне көштік. Соңғы аптаның өзінде көрмеге қатысатындығын 6 мемлекет пен 1 халықаралық ұйым растады. Жалпы алғанда, қатысушы мемлекеттер саны 112, халықаралық ұйымдар 18-ге жетті. Біз қатысушы мемлекеттерге павильондарды өткізу және пәтерлерді беру жұмыстарына кірісіп кеттік», - деді ұлттық компания басшысы.
Басқарма басшысы ірі транссұлттық компаниялардың көрмеге қызығушылығының ерекше екендігін айтты. SAMSUNG, Shell, Chevron және тағы да басқа компаниялардың көрме серіктесі болғандығына тоқталды. Серіктестік тарапынан 126 млн.еуро көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.
Чех Республикасының Өндіріс және сауда министрі Ян Младек «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттырып, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретіндігіне, сондай-ақ энергия жетіспеушілігі мен жаһандық экология мәселесінің шешілуіне ықпал ететіндігіне сенім білдірді.
«Көрме тақырыбы бізге өте жақын. БЭП (ВИЭ) дамыту бойынша үлкен тәжірибеміз болғандықтан, осындай ауқымды іс-шараға қатысуға қызығушылық білдіріп отырмыз. Сондықтан «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға мемлекетіміздің басшысы, Премьер-министр мен Үкімет мүшелері келетін болады», - деді Ян Младек.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Нидерланд Корольдігінің ұлттық секциясының комиссары және Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Дирк Ян Коппен кездесті. Кездесуде екі жақ алдағы көрмеге дайындық барасын талқылап, голландықтар павильонына қатысты техникалық мәселелер айтылды.
-
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ
-
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты
-
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі
-
Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді
-
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде
-
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі
-
Шет мемлекеттер карантин шараларын күшейтуде. Қазақстан да қатаң режимдегі карантин енгізуі мүмкін
-
«Ақжол» партиясының басшылығы Президент Жолдауында көрсетілген шаралар туралы айтты
-
Қазақстанда дайын өнім тауарларының экспорты артып келеді
-
Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, бірақ күзде жағдай өзгеруі мүмкін
-
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді
-
ҚР АШМ: Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді
-
Назарбаев: Бюджетке түсетін әрбір оныншы теңге "Самұрық-Қазынадан" келеді

