- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан кәсіпкерлері ШОБ үшін білікті мамандарды дайындауды ұсынды
Қазақстан кәсіпкерлері ШОБ үшін білікті мамандарды дайындауды ұсынды
Отандық кәсіпкерлердің тағы бір бас ауыртар мәселесі, әсіресе ауылдық жерде, ол қаржылық, инфрақұрылымдық және өткізу нарықтарының қолжетімділігі болуда. Бұл тұста Ұлттық палатаның субсидиялаудың ауыспалы мөлшерлемесін орнатуға қатысты ұсынысы қабылданған.
««Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында купондық сыйақылық субсидиялау тетігін енгізуді, айналым қаражатының оңтайлы мөлшерлемесін 12%-дан, инвестициялық мақсаттарға 7%-дан аспайтындай деңгейде қамтамасыз етуді, «тиімді жоба» ұғымын алып тастауды яки қайта қарастыруды, сауықтыру бағдарламасын жандандыруды, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын субсидиялауды ұсынды», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
ҰКП, бұдан тыс, адами капиталды, сатып алу мен жергілікті қамтуды, ауылдық елдімекендерде бизнесті, кәсіпкерлікті сервистік қолдауды, жұмыспен қамтуды дамытуды, жекешелендіру барысында бизнес мүддесін ескеруді назарда ұстап, қажетті жұмыстарды жүргізуде.
Бұл ретте Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы жасалған. Экспорттық-импорттық операцияларды оңтайландыру, дауларды сотқа дейін шешудің тетіктерін дамыту бағыттарына мұқият көңіл бөлінуде.
Қызылорда облысы Сервис және қызмет көрсету саласы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Ерлан Райымов, кәсіпкерлік саладағы өткір маман тапшылығына алаңдаушылығын жеткізіп, бұл әсіресе шағын бизнес бағытында өте өзекті екенін айтты.
«Елде білікті мамандарға мұқтаждық қалыптасып отыр. Бізде аяқ киім жасаушыларды, тігіншілерді, үй құсын өсірушілерді дайындамайды. Ал қаптаған қаржыгер, заңгер, бағдарламашы дипломдары бар жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс таба алмай жүр. Сондықтан кәсіпкерлік университеттері желісіне зәрулік сезілуде. Кәсіпкерлік салада білім беру стандарты қабылданып, оны ЖОО-лар мен техникалық-кәсіби оқу орындарының негізіне айналдыру керек», - деп санайды Ерлан Райымов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді